AL-Hanifiya форумы
CSS Menu
Кейін   AL-Hanifiya форумы > Әртүрлі > Әртүрлі

Жауап
 
Тақырып реттеулері Көрсету реттеулері
  #1  
Ескі 28.02.2010, 04:43
Аватар для Daniyar Abu Zakariya
Daniyar Abu Zakariya Daniyar Abu Zakariya форумнан тыс
Ғалымдар сөзін жеткізуші
 
Тіркелген күні: 08.01.2010
Пікірлер саны: 514
Бастапқы қалпына келтіру Туылған күнді тойлау немесе некелескен күнді тойлаудың шариғи үкімі қандай?

шейх мухаммад ибн солих әл-усейминнің жауабы:

«исламда әр апта сайын жұма күні, шәууал айының бірінші күні - ораза айт (`идул-фитр) және зул-хиджа айының оныншы күні - құрбан айт (`идул-адха) мейрамынан басқа ешқандай мереке жоқ. сондай-ақ, қажылар үшін `арафа тауында тұру күні де мейрам және құрбан айттан кейін жалғасатын ташриқ күндері мейрам болып табылады.

ал адамның туылған күнін тойлауы немесе өз баласының туылған күнін тойлауына келер болсақ, онда бұларға шариғатта ешқандай дәлел жоқ және бұл бид`а болып есептеледі
» ("ислам тіректеріне байланысты фатуалар", шейх әл-усеймин, № 91 сұрақ ).
__________________
Дүние істері үшін, мәңгілік өмір сүретініңдей тырыс. Ал ахырет істері үшін, ертен өлетініңдей ұмтыл Шейх Ибн `Усеймин.
Үзінді жасап жауап беру
  #2  
Ескі 28.02.2010, 09:41
Abu Abdullah Abu Abdullah форумнан тыс
Member
 
Тіркелген күні: 25.02.2010
Пікірлер саны: 31
Бастапқы қалпына келтіру

саламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! аллах сіздер мен біздердің білімдерімізді арттырсын!
осы мейрамдарды тойлау немесе осы мейрамдармен құттықтау мәселесі қызықтырады. сұрайын дегенім қәзіргі кезде өте көп байқалатын құбылыс жайлы болып отыр. әр жұма күні бауырларымыз бен муслималарымыз бір-бірлерін жұма күнімен құттықтау жиі кездеседі. мысалы: "жұма мубарак болсын" деген сөдер секілді. ал енді сұрақ, осылай әр жұма сайын құттықтауға шариғатта дәлел бар ма екен?
__________________
Бұл қауымның соңғылары осы қауымның алғышқылары жетістікке жеткеннен өзге нәрседе жетістікке жетпейді
Үзінді жасап жауап беру
  #3  
Ескі 01.03.2010, 03:37
Аватар для Daniyar Abu Zakariya
Daniyar Abu Zakariya Daniyar Abu Zakariya форумнан тыс
Ғалымдар сөзін жеткізуші
 
Тіркелген күні: 08.01.2010
Пікірлер саны: 514
Бастапқы қалпына келтіру

уә алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ!

жұма күні адамдардың бірін-бірі құттықтауы туралы айтар алдың, сіздерге айт күндері сахабалардан қандай құттықтаурар жеткенін және ғалымдардың ол туралы не дегенін баяндап берейін. сосын жұма күні өз-ара құттықтаулардың үкімі де түсінікі болатын шығар.

айт күні мұсылмандар бір-бірін мына сөздермен құттықтайды: «тәқоббәләл-лоһу миннә уә минкум!» («аллаһ біздерден де, сіздерден де қабыл етсін!»).

мухаммад ибн зияд айтқан: «мен әбу умама әл-бәһили және пайғамбарымыздың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа да сахабаларымен бірге болдым. олар айт намазынан қайтарда, бір-біріне: «аллаһ біздерден де, сіздерден де қабыл етсін!», - дейтін еді» (әл-бәйхақи “сунан әл-кубра” 3/320. имам ахмад, хафиз әс-суюты мен шейх әл-әлбәни хадисті хасан деген).
тағы да джубайр ибн нәфир айтқан: «пайғамбарымыздың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары айт күні кездескенде, бір-біріне: «аллаһ біздерден де, сіздерден де қабыл алсын!», - деп айтатын еді» (әт-тәбәрани 22/52. хафиз ибн хаджар және имам әс-суюты хадисті хасан деп атаған. қараңыз: “фатхул-бәри” 2/517).
адхам былай деген: «біз `умар ибн `абдул-`азизге айт күндері: «тәқоббәләл-лоһу миннә уә минк, йә мүміндердің басшысы!», - деп айтатынбыз. ол да бізге солай жауап беретін, әрі ол ісімізді қайтармайтын еді» (әл-бәйхақи. қараңыз: “әл-хауи” 1/112, имам әс-суюты).
тағы да айт күндері өз-ара құттықтау жайлы имам ахмад былай деген: «сахабалар осылай жасаған, әрі ғалымдарымыз да бұл туралы айтқан» (қараңыз: “әл-инсаф” 5/381).
ал «куллу `ам уә әнтум бихойр!» немесе «`ид мубәрак!» («айт мубәрак болсын!») және т.б. таралып кеткен құттықтаулар үлгілері жайында айтар болсақ, онда шейх әл-әлбәни айтқандай, құттықтау сөздерінің бұндай түрі бірде-бір сахабадан, бірде-бір таби`иннен келмеген, әрі оның исламда еш негізі жоқ (тыңдаңыз: “силсиләтул-һудә уә-ннур” 52).

қорытындылай келе, біздің форумның ұраны болып саналған имәм мәликтің келесі сөздерін айтсақ: «ол күні (сахабалардың кезінде) дін болмаған нәрсе, бүгінде дін болмйды!».

сондықтан, жұма күні адамдар бір-бірін белгілі сөздермен құттықтау керек дейтін адамдардан біз: «ал сахабалар олай бір-бірін құттықтаған ба?», - деп сұраймыз.
егер ол адамдар: «енді жұма мереке емес пе? мұсылмандардың өз-ара құттықтасуының несі жаман ?», - деп сөз қайтарса, біз оларға былай дейміз: «ал жұманың мереке екенін сахабалар түсінбеген ба? немесе сендер олардан да артық түсінікке иесіңдер ма? егер де жұма күні «жұма мубәрак болсын!»,- деп қыттықтауда бір игілік болғанда, онда сахабалар бізден бұрын оны жасайтын еді».

сондықтан, біздің бір ғана өтінішіміз бар: «егер айтқандарың рас болса, онда дәлел келтіріңдер!» (бақара 111).

__________________
Дүние істері үшін, мәңгілік өмір сүретініңдей тырыс. Ал ахырет істері үшін, ертен өлетініңдей ұмтыл Шейх Ибн `Усеймин.
Үзінді жасап жауап беру
  #4  
Ескі 30.03.2010, 10:18
muslima muslima форумнан тыс
Member
 
Тіркелген күні: 18.03.2010
Тұратын қаласы: Алматы
Пікірлер саны: 56
Бастапқы қалпына келтіру

СубханАллah! Аллаh кеширсин, жума мубарак деп айтудын суннада жок екенин осы уакытка дейин билмеппин. Аллаh разы болсын бауырлар!
Үзінді жасап жауап беру
  #5  
Ескі 12.04.2010, 22:54
abdul_jamil abdul_jamil форумнан тыс
Junior Member
 
Тіркелген күні: 12.04.2010
Пікірлер саны: 4
Бастапқы қалпына келтіру

Ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!
Осы некелескенде той жасауга бола ма және куттыктауга болама?
Үзінді жасап жауап беру
  #6  
Ескі 14.04.2010, 06:18
Аватар для Daniyar Abu Zakariya
Daniyar Abu Zakariya Daniyar Abu Zakariya форумнан тыс
Ғалымдар сөзін жеткізуші
 
Тіркелген күні: 08.01.2010
Пікірлер саны: 514
Бастапқы қалпына келтіру

уә `алейкум сәләм уә рахмәтуллаһи уә бәрәкәтуһ!

Некелескенде той жасауды немесе адамдарды дастарғанға шақыруды шариғатта "уәлима" деп атайды. Ол міндетті түрде жасалуы тиіс. Өйткені, ол екі жастың заңды некеге тұрғанын елге жар салу үшін істелінеді.

Бурайда ибн Хасиб айтқан: "`Али (оған Аллаһ разы болсын!) Фатимаға үйленген кезде, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: "Некенің құрметіне (басқа риуаятта: "жігіт пен қыздың құрметіне") міндетті түрде уәлима жасалу керек", - деді" (Ахмад. Шейх әл-Әлбәни сахих деген).

Осы уәлимаға тек ізгі адамдарды ғана шақыру керек, олардың кедей-бай екеніне қарамастан. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: "Иман келтірген адаммен до бол! Әрі сенің тамағыңнан тек тақуа адам ғана ауыз тисін" (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, әл-Хаким (4/128) және Ахмад (3/38). Хадис сахих).

Уәлимаға кедейлерге көңіл бөлмей, тек байларды ғана шақыруға болмайды. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: "Ең жаман дастархан - бұл кедейлерді кіргізбей, байларды ғана шақыратын уәлималарда жайылған дастархан" (Муслим (4/154) и әл-Бәйхақи (7/262)).

__________________
Дүние істері үшін, мәңгілік өмір сүретініңдей тырыс. Ал ахырет істері үшін, ертен өлетініңдей ұмтыл Шейх Ибн `Усеймин.
Үзінді жасап жауап беру
  #7  
Ескі 18.04.2010, 11:28
abdul_jamil abdul_jamil форумнан тыс
Junior Member
 
Тіркелген күні: 12.04.2010
Пікірлер саны: 4
Question абдул уахабтын туган куні туралы

Ассалямуалейкум!
менің ұстаздардан естігенім олар айтады біз маулетті неге тойламауымыз керек? ойткені меккеде абдул уахабтын туган кунин бір жума тойлайды дейді. Сонда олардың тойлайтыны рас па? рас болса онда неге маулет тойламаска?
Үзінді жасап жауап беру
  #8  
Ескі 18.04.2010, 16:45
Аватар для Daniyar Abu Zakariya
Daniyar Abu Zakariya Daniyar Abu Zakariya форумнан тыс
Ғалымдар сөзін жеткізуші
 
Тіркелген күні: 08.01.2010
Пікірлер саны: 514
Бастапқы қалпына келтіру

Үзінді:
abdul_jamil жазған Пікірді қарау
Ассалямуалейкум!
Уә `алейкум әссәләм!

Үзінді:
abdul_jamil жазған Пікірді қарау
менің ұстаздардан естігенім
Олар Меккеде болып, сіз олардан естігініңізді өз көздерімен көрді ме? Немесе бұл хабардың жеткізушілер тізбегі ұзаққа созылады ма?

Үзінді:
abdul_jamil жазған Пікірді қарау
олар айтады біз маулетті неге тойламауымыз керек?
Олардың сұрағына жауап мына жерде: "Мәлуид тойлауға бола ма?".

Үзінді:
abdul_jamil жазған Пікірді қарау
Сонда олардың тойлайтыны рас па?
Шынымды айтсам, оның рас өтірігін білмеймін. Ешқашан естімегенмін де бұндайды. Саудияда оқып жүрген бауырлардан сұрап көру керек, иншааллаһ. Тойлаған күнде де, оны қарапайым халық, сауатсыздығының себебімен істейтін шығар. Ал ғалымдардан Мухаммад ибн `Абдул-Уәһһәбтың тұған күнін тойлау керек, не болмаса тойлауға болады деген бір де бір фатуасы, мен білетіндей, жоқ!

Үзінді:
abdul_jamil жазған Пікірді қарау
рас болса онда неге маулет тойламаска?
Бауырым, бұл оқиғанын шынымен де орын алған-алмағанын анықтап алайық. Кейін оның дұрыстығына дәлел табайық. Егер еш дәлелсіз, біреулер келіп бір ғалымның туылған күнін тойлап жатса, онда біз осыны дәлел етіп ала алмаймыз ғой!

Уаллаһу а`ләм!
__________________
Дүние істері үшін, мәңгілік өмір сүретініңдей тырыс. Ал ахырет істері үшін, ертен өлетініңдей ұмтыл Шейх Ибн `Усеймин.
Үзінді жасап жауап беру
  #9  
Ескі 18.04.2010, 17:01
abdul_jamil abdul_jamil форумнан тыс
Junior Member
 
Тіркелген күні: 12.04.2010
Пікірлер саны: 4
Бастапқы қалпына келтіру

Үзінді:
Данияр Абу Ахмад жазған Пікірді қарау


Уә `алейкум әссәләм!



Олар Меккеде болып, сіз олардан естігініңізді өз көздерімен көрді ме? Немесе бұл хабардың жеткізушілер тізбегі ұзаққа созылады ма?



Олардың сұрағына жауап мына жерде: "Мәлуид тойлауға бола ма?".



Шынымды айтсам, оның рас өтірігін білмеймін. Ешқашан естімегенмін де бұндайды. Саудияда оқып жүрген бауырлардан сұрап көру керек, иншааллаһ. Тойлаған күнде де, оны қарапайым халық, сауатсыздығының себебімен істейтін шығар. Ал ғалымдардан Мухаммад ибн `Абдул-Уәһһәбтың тұған күнін тойлау керек, не болмаса тойлауға болады деген бір де бір фатуасы, мен білетіндей, жоқ!



Бауырым, бұл оқиғанын шынымен де орын алған-алмағанын анықтап алайық. Кейін оның дұрыстығына дәлел табайық. Егер еш дәлелсіз, біреулер келіп бір ғалымның туылған күнін тойлап жатса, онда біз осыны дәлел етіп ала алмаймыз ғой!

Уаллаһу а`ләм!
Иншаллах бауырым сіз сұрастырып біліп бересіз бе бізге кажет болып тур.мен жалпы маулет тойлау бидага деп ойлаймын бірақ сол маулетті тойлайтындар соны негізге алады.Оны АЛЛАХ жаксырак біледі.
Үзінді жасап жауап беру
Жауап

Тақырып реттеулері
Көрсету реттеулері

Сіздің мүмкіндіктеріңіз:
Сіз жаңа тақырып құра алмайсыз
Сіз тақырыптарға жауап бере алмайсыз
Сіз файлдар бекіте алмайсыз
Сіз өз пікірлеріңізді түзете алмайсыз

BB коды Қосулы
Смайлдар Қосулы
[IMG] коды Қосулы
HTML коды Ажыратулы

Басқа бетке ауысу

Ұқсас тақырыптар
Тақырып Авторы Бөлім Жауаптар Соңғы пікірлер
Ислам үмметіндегі бүлік-фитналардың және бөлінудің себептері abu Bakhtiyar Мәнһәдж 0 11.05.2010 22:29


Уақыт белдеуі GMT +6, уақыт: 06:56.

© Al-Hanifiya.kz 2009-2010. Барлық құқы қорғалған. vBulletin аударған © SoftZONE.kz
Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде сілтеме қойылуы қажет!