
04.03.2010, 12:07
|
|
Member
|
|
Тіркелген күні: 25.02.2010
Пікірлер саны: 31
|
|
Оң қолмен жеу, ішу, алу және беру керектігі жайлы хадис
аса қамқор, ерекше мейірімді аллаһтың атымен!
Оң қолымен жеу, ішу, алу және беру сүннет болып есептеледі. Бұған мына хадистер дәлел болады:
Абу Хурайрадан, оған Аллаһ разы болсын, келген хадисте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: “Сендердің әрбірлерің жейтін болса, оң қолымен жесін, оң қолымен ішсін, оң қолымен алсын және оң қолымен берсін, өйткені шайтан сол қолымен жейді, сол қолымен ішеді, сол қолымен алады және сол қолымен береді!” Ибн Маджах 3266. Хафиз аль-Бусайри және шейх аль-Альбани хадистің сахихтығын растады. “аз-Зауаид” 1/197, «Сахих аль-джами’» 384.
Тағы да ‘Абдуллаха ибн Аби Тальхадан, оған Аллаһ разы болсын, пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: “Егер қайсыбіреуің тамақ жейтін болса, онда сол қолымен жемесін, ішетін болса, сол қолымен ішпесін, алатын болса, сол қолымен алмасын және беретін болса, сол қолымен бермесін” Ахмад 5/311. Хафиз Ибн Хаджар бен шейх аль-Альбани хадисті хасан деп бағалаған. “Натаидж аль-афкар” 1/30, “ас-Сильсиля ас-сахиха” 3/239.
Сонымен, бұл хадитерде жоғарыда айтылған нәрселерге тыйым салынғаны туралы айтылған, өйткені шайтан дәл солай істейді және бізге одан өзгеше болуға бұйырылған. Сондай-ақ бұл хадистерде айтылған нәрселерді оң қолымен жасауға бұйырылған.
Бұған қарамастан, кейбір имамдар уәжіп деп тек оң қолымен жеп-ішуді ғана айтқан, ал оң қолымен беру және алуды мустахаб деген.
УәЛлаху а’ләм.
Дерек көзі: www.salaf-forum.ru
__________________
Бұл қауымның соңғылары осы қауымның алғышқылары жетістікке жеткеннен өзге нәрседе жетістікке жетпейді
|