AL-Hanifiya форумы
CSS Menu
Кейін   AL-Hanifiya форумы > Форум > Әдеп

Жауап
 
Тақырып реттеулері Көрсету реттеулері
  #1  
Ескі 02.03.2010, 19:17
Abu Abdullah Abu Abdullah форумнан тыс
Member
 
Тіркелген күні: 25.02.2010
Пікірлер саны: 31
Бастапқы қалпына келтіру Сәлемнен бұрын сөз бастаған адам туралы

әс-Сәләму ‘алейкум уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ!!!

Сәлемнен бұрын сөз бастаған адамға байланысты хадистерге тоқталсақ:

1. Абдуллах ибн 'Умардан, оған Аллаһ разы болсын, келген хадисте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан: "Сұрақ қоюдан алдын бірінші сәлемнен бастау керек! Ал сәлемдесуден бұрын сұрақты қойған адамға келсек, онда оған жауап бермеңдер" Ибн ан-Наджар. Хасан хадис. «Сахих аль-джами’» № 3699.

2. Джабир ибн Абдуллахтан, оған Аллаһ разы болсын, риуаяты бойынша пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: “Сәлем сөзден бұрын” ат-Тирмизи 2699. Шейх аль-Альбани бұл хадисті хасан деп айтқан.

3. Тағы да Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан: “Әңгімені сәлемсіз бастағанға жауап бермеңдер” ат-Табарани, Абу Ну’айм. Шейх аль-Альбани бұл хадисті хасан деп айтқан. «Сахих аль-джами’» № 6122.

Бұл хадистерді сәлемнің дініміз бен оны мұсылмандар арасында таратудың маңызды орын алатыны жайлы деп түсіну керек.
Шейх аль-Мубаракфури айтты: “Сөздің алдында сәлемдесу сүннет болып есептеледі, өйткені сәлемнен бастау, ол бейбітшілік пен жақсылық жайында хабар беру, сондай-ақ сәлем айту арқылы адамға ізгілік көрсету және Аллаһты еске алумен бастау себебінен береке болып табылады” “Тухфатуль-ахуази” 7/479.

Бірақ мынандай сұрақтар тууы мүмкін, мысалы, біреу келіп «саламатсыз ба?», «сәлем» және т.б. десе сонда үндемей тұру керек па?

Жауап:
Неге үндемей тұру керек? Мүмкін ол, бұл сүннет жайлы бейхабар шығар? Яғни, ол адамға осы айтылған хадистерді жеткізу керек.

Сондықтан да бауырлар мен әпке-қарындастар, сәлемнің исламдағы ұлылығы мен маңыздылығын ұмытпайық!

Өйткені пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан: «Расында, міндетті түрде кешірілулеріңнің себептері болып – сәлемді тарату мен жақсы сөз сөйлеу болып табылады» аль-Хараиты 23, аль-Къада’и 2/94. Хафиз аль-‘Иракъи хадис иснадын хасан деді, ал шейх аль-Альбани сахих деді. “ас-Сильсиля ас-сахиха” № 1035.

Тағы да Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: “Расында, Ас-Сәләм – ол Аллаһтың жерде қалдырған есімдерінің бірі. Ендеше оны араларыңда таратыңдар! Егер бір адам басқа адамдарға сәлем айтса және олар бұның сәлеміне жауап берсе, бұл адамның аналардан артықшылығын көрсетеді, өйткені ол бірінші болып оларға еске түсірді. Ал егер оған жауап бермесе, онда оған одан да жақсылар мен лайықтылары жауап береді” ат-Табарани 10391, аль-Баззар 1999. Хафиз аль-Мунзири и шейх аль-Альбани хадистің сахихтығын растады.

Дерек көзі: www.salaf-forum.ru

Ал енді, дінімізде қалай сәлем беру керек екені туралы білгіңіз мынаны оқып шығуыңыз: http://forum.al-hanifiya.kz/showthre...?p=366#post366

УаЛлаһу а’ләм.
__________________
Бұл қауымның соңғылары осы қауымның алғышқылары жетістікке жеткеннен өзге нәрседе жетістікке жетпейді
Үзінді жасап жауап беру
Жауап

Тақырып реттеулері
Көрсету реттеулері

Сіздің мүмкіндіктеріңіз:
Сіз жаңа тақырып құра алмайсыз
Сіз тақырыптарға жауап бере алмайсыз
Сіз файлдар бекіте алмайсыз
Сіз өз пікірлеріңізді түзете алмайсыз

BB коды Қосулы
Смайлдар Қосулы
[IMG] коды Қосулы
HTML коды Ажыратулы

Басқа бетке ауысу

Ұқсас тақырыптар
Тақырып Авторы Бөлім Жауаптар Соңғы пікірлер
Халәлмен тамақтану туралы хадис Daniyar Abu Zakariya Хадис түсінігі 0 08.06.2010 11:21
Білместікпен жасалған көпқұдайшылдық (ширк) кешіріледі ме? abu Bakhtiyar Мәнһәдж 0 11.05.2010 22:41
Ислам үмметіндегі бүлік-фитналардың және бөлінудің себептері abu Bakhtiyar Мәнһәдж 0 11.05.2010 22:29
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесудің маңыздылығы Досхан Абу Мухаммад Мәнһәдж 2 30.03.2010 10:55
Сәлем беру үлгілері мен әдептері admin Әдеп 5 16.02.2010 22:52


Уақыт белдеуі GMT +6, уақыт: 07:01.

© Al-Hanifiya.kz 2009-2010. Барлық құқы қорғалған. vBulletin аударған © SoftZONE.kz
Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде сілтеме қойылуы қажет!