AL-Hanifiya форумы
CSS Menu
Кейін   AL-Hanifiya форумы > Адасқандар > Бид'а және Бид'атшылар

Жауап
 
Тақырып реттеулері Көрсету реттеулері
  #1  
Ескі 28.02.2010, 05:13
Аватар для Daniyar Abu Zakariya
Daniyar Abu Zakariya Daniyar Abu Zakariya форумнан тыс
Ғалымдар сөзін жеткізуші
 
Тіркелген күні: 08.01.2010
Пікірлер саны: 514
Бастапқы қалпына келтіру Дінге жаңалық енгізудің қауіптілігі

аса қамқор, ерекше мейірімді аллаһтың атымен!

дінге жаңалық енгізу (әл-бид’а)


оны дәріптеп әрі одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан аллаһқа сиынып, одан пана тілейміз. кімде-кімді аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. біз аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.
одан кейін:

дінге жаңалық енгізу (әл-бид’а) - бұл ешқандай сенімді негізі жоқ және пайғамбар (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен сахабалардың уақытында белгілі болмаған кез-келген сөздер, істер мен сенім-нанымдар арқылы аллаһқа жақындауға ұмтылу (көріңіз: “әл-и’тисом” 1/227, әш-шатыби).
шейх әл-әлбани айтады: “шынында, шариғат адасу деп атаған дінге жаңалық енгізу (әл-бид’а) - бұл сүннетке сай келмейтін істер, сөздер мен сенімдер, тіпті ол иджтиһадтың нәтижесінде болса да(көріңіз: “ахкәмул-джанаиз” 242).

дегенмен, бұл анықтамалар дүниелік жаңалықтарға қатысы жоқ, мәселен автомобильдер, компьютерлер, тоңазытқыштар және т.б., себебі бұл заттар шариғаттан деп айтылмайды және өз-өздігінен аллаһқа жақындау құралы емес. бұл жаңалықтар дінге емес, бірақ тұрмысқа қатысты.

ахлю-сунна ғұламалары көпқұдайшылдықтан (ширк) кейін ең ауыр күнә - бид’а екендігіне бірауыздан келіскен.
аллаһ елшісі (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «шынында, аллаһ бидғатшының тәубесін, сол бидғатын тастамайынша қабыл етпейді» (әт-табарани 4360, әбу әш-шейх 259, ибн әбу ‘асым 37. хафиз әл-мунзири мен шейх әл-әлбәни хадистің сенімділігін растады).
ибн ‘аббас айтады: “аллаһқа ең жек көрінішті амал - бидғат болып табылады(әл-байхақи “сунанул-кубра” 4/316).

шейхул-ислам ибн тәймия айтты: “ислам имамдары бидғатты - күнәлардың ішінде ең қорқыныштысы және ең ауыр екендігіне бірауыздан келісті(көріңіз: “мәджму’ул-фәтәуа” 28/470).
ол тағы да айтады: “сунна мен бірауызды келісім(әл-иджма’) бойынша, бидғатшылар - күнәһарлардың ішіндегі ең жамандары(көріңіз: “мәджму’ул-фәтәуа” 20/103).

бір күні юнус ибн ‘убайд өзінің баласын бидғатшының үйінен шығып келе жатқанын көріп былай деді: “ей, балам, сен қайдан келе жатырсың?!” ол: “пәленшенің үйінен”, - деді. сонда юнус былай деді: “мен сені пәленшенің үйінен шығып келе жатқаныңды көргенімше, сені қызтеке еркектің үйінен шығып келе жатқаныңды көргенім абзалырақ. сондай-ақ, ей ұлым, аллаһтың алдында өз көңілдеріне ергендердің қатарында бірге тұрғаныңнан гөрі, сені аллаһтың алдында зинақор, пасық, ұрлықшы және сатқын болып тұрғаның маған ұнамдырақ!(ибн батта 464, әл-аджурри 2061. иснәды сахих).
имам әл-барбахари айтады: “сен юнус ибн ‘убайд, ұлының дініне қызтеке ерлердің әкелетін зарардың өзі де, бидғатшылардың әкелетін зарарынандай емес екеніне нұсқағанын байқамадың ба?! бидғатшылар адасуға алып барады, солай ол кәпір болып кетуі де мүмкін!(көріңіз: “шарху-ссунна” 87).

шейх ‘абдул-‘азиз ар-раджихи айтады: “бұл, үлкен және қасіретке апаратын күнәлардың - мардымсыз екенін білдірмейді. шынында, бұл тек бидғат күнәсының үлкендігін көрсетеді. зинақорлық, ұрлық және басқа үлкен күнәлардың ауырлығына қарамастан, бидғат олардан да ауырырақ болып есептеледі!(көріңіз: “қам’ ад-даджаджилә” 402).

бидғатшылар мен өз көңілдеріне ергендерге қатал, әрі қатты болған имам мәлик былай дейді: “өз көңілдеріне ергендерге сәлем бермеңдер;, олармен бірге отырмаңдар, тек оларға қаталдық көрсеткілерің келмесе ғана; олар ауырып қалса, оларды зиярат етпеңдер; сондай-ақ, олардың атынан хадис жеткізбеңдер!(көріңіз: «әл-джәми’» 125, ибн әбу зайда).

имам ахмад айтады: “үлкен күнәлар жасап жүрген сүннет ұстанушылардың қабірлері - бұл бау-бақшалар, ал дүниеден безген бидғатшылардың қабірлері - қасірет! ахлю-суннадан болған пасық адам - аллаһқа жақындаған адам, ал дүниеден безген бидғатшы - аллаһтың жауы!(көріңіз: “табәқатул-ханабилә” 1/184).

‘абдуллах ибн ‘аун айтады: “бидғатшылармен бірге отыратындар, біз үшін сол бидғатшылардың өздерінен де жаман!(көріңіз: “әл-ибәнә” 2/273).

бидғатшылар мен өз көңілдеріне ергендердің, жай күнәһар адамнан да төмен болу себебі - күнәһар өзінің күнәсін біледі және сол үшін тәубе етеді, ал бидғатшылар, өз істерін күнәлі деп есептемейді және осыны құлшылық деп санайды.

ибн әл-қайим айтады: “аллаһтың өзі тыйым салған нәрсесі арқылы аллаһқа құлшылық етіп жүрген адамдардың көбісі, сол әрекетінің аллаһқа бағыну екендігіне және сол арқылы аллаһқа жақындайтындарына сенімді! және де сондай адамның жағдайы, өзі істеп жүрген ісін күнә деп есептейтін адамның жағдайынан да төмен!(көріңіз:“иғасату-лләхфан” 2/181).

шейхул-ислам ибн тәймия айтады: “жай күнә жасайтын адамнан көрі, бидғатшылар үмметке көбірек зиян әкеледі! дәл осы себеппен, пайғамбар (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауаридждерді өлтіруді бұйырды және әділетсіз мұсылман басшыларына қарсы соғысуды тыйым салды!(көріңіз: “мәджму’ул-фәтәуа” 7/284).

алайда, бид`а жасаған әрбір мұсылман – бірден бид`атшы бола қалмайтынын міндетті түрде ескеру керек.
дінге жаңалық еңгізуші (мубтади’) деп, өзі ібр нәрсені дінге жаңалық енгізген немесе енгізіліп қойылған жаңалықты істейтін адамды айтамыз, бұл сөздер, істер немесе сенімдер болуы мүмкін. және де осы әрекеттерді істеп жүрген адам, оған ақиқат жеткізіліп жатқанына қарамастан, оны саналы түрде істеп, одан бас тартпаса, сонда ол, ниеті таза болған күнде де мубтәди`(бид`атшы) болады! (толығырақ көріңіз: “әл-и’стисам” 1/234 имам аш-шатыби және “әл-иқтида” 214 шейхул-ислам ибн тәймия).

кейбір адамдар күмәнді дәйекке сүйеніп исламда жақсы және жаман бидғат бар деп мәлімдейді. онда жаман бид`а мен жақсы бид`аның шекарасын қалай анықтаймыз? кім анықтайды?! пайғамбарымыз (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «кез-келген бид`а - бұл адасушылық» (муслим 2/135), - деп айтқанына қарамастан, осындай сөздерді қалайша қорықпай айтады екен?!
бәрімізге таныс, әрі пайғамбарымыздың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ішіндегі ғұламаларының бірі ибн ‘умар (аллаһ оған разы болсын) кейінгі ұрпақтың сөздерін естіп тұрғандай былай деп айтып кетті: «кез-келген бид`а, адамдар оны жақсы деп санаса да – адасушылық болып табылады!» (әд-дарими 1/39. шейх әл-әлбәни иснадын сенімді деді).

бір күні са’ид ибн әл-мусайиб бір адамның таң намазына азан шақырып болғасын, руку`тары мен сәжделерін ұзартып, екі ракәттан артық намаз оқып жатқанын көріп, оны құптамағаны жеткізіледі. сонда әлгі адам: “ей әбу мухаммад! аллаһ мені көп намаз оқығаным үшін жазалайды ма?!”, - деп сұрайды. сонда са’ид былай деп жауап берді: “жоқ. алайда, ол сені сүннетке қарсы келгенің үшін жазалайды!(‘абдур-раззақ 3/52, әл-байхақи 2/466. сенімді иснад).

шейх әл-әлбәни айтады: “бұл са’ид ибн әл-мусайибтің ғажайып сөздерінің бірі, аллаһ оны өз мейіріміне бөлесін. осы сөздер көптеген бидғаттарын аллаһты еске алумен және намазбен ақтап алғысы келетін бидғатшыларға қарсы ең күшті қару болып табылады. ал, сүннет ұстанушылар олардың осы әрекеттерін теріске шығара бастаған кезде, бидғатшылар «олар бізді аллаһты еске алудан және намаз оқудан тосып жатыр» деп (әһлус-суннә адамдарын) кінәлайды. шын мәнінде, олар аллаһты еске алуда, намаз оқуда және басқа да құлшылықтар істегенде сүннеттен ауытқығандары үшін ғана бид`атшыларды теріске шығарады!(көріңіз: “ируаул-ғалил” 2/233).


мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына аллаһ тағаланың
салауаттары мен сәлемдері болсын!






__________________
Дүние істері үшін, мәңгілік өмір сүретініңдей тырыс. Ал ахырет істері үшін, ертен өлетініңдей ұмтыл Шейх Ибн `Усеймин.
Үзінді жасап жауап беру
Жауап

Тақырып реттеулері
Көрсету реттеулері

Сіздің мүмкіндіктеріңіз:
Сіз жаңа тақырып құра алмайсыз
Сіз тақырыптарға жауап бере алмайсыз
Сіз файлдар бекіте алмайсыз
Сіз өз пікірлеріңізді түзете алмайсыз

BB коды Қосулы
Смайлдар Қосулы
[IMG] коды Қосулы
HTML коды Ажыратулы

Басқа бетке ауысу


Уақыт белдеуі GMT +6, уақыт: 06:04.

© Al-Hanifiya.kz 2009-2010. Барлық құқы қорғалған. vBulletin аударған © SoftZONE.kz
Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде сілтеме қойылуы қажет!