AL-Hanifiya форумы
CSS Menu
Кейін   AL-Hanifiya форумы > Форум > Мәнһәдж

Жауап
 
Тақырып реттеулері Көрсету реттеулері
  #1  
Ескі 28.02.2010, 04:49
Аватар для Daniyar Abu Zakariya
Daniyar Abu Zakariya Daniyar Abu Zakariya форумнан тыс
Ғалымдар сөзін жеткізуші
 
Тіркелген күні: 08.01.2010
Пікірлер саны: 514
Бастапқы қалпына келтіру Тоифәту әл-мәнсура

аса қамқор, ерекше мейірімді аллаһтың атымен!

әт-тоифатул–мансура (жеңіске жететін топтың) белгілері



пайғамбарымыз (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «менің үмметімдегі бір топ адамдар ақиқатты ашық ұстануды қоймайды, әрі ол (топқа) қарсы шыққандар оларға ешқандай зиян әкелмейді. және бұл, аллаһтың әмірі келгенше жалғаса береді!» (әл-бухари 4/187, муслим 6/52).

әт-тоифатул–мансураның (жеңіске жететін топ) белгілері:

1) олар өздерін осы үмметтің сәләфтарының (яғни, сахабалар, тәби`индер және тәби тәби`индердің) артынан ереміз деп жариялайды және мұны абырой тұтады;

2) хадиске сүйенеді, хадисті зерттейді және оған шақырады. олардың қайнар бұлағы - құран, сүннет және сәләфтардың жолы;

3) осы үмметтің сәләфтарын құрметтейді. пайғамбарды (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) еске алған кезде, "соллә ллаһу `алейһи уә сәлләм" немесе «`алейһис-соләту уәс-сәләм» (яғни, оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деп айтады, сахабаларды атаған кезде, "родыйә ллаһу `анһу" (оған аллаһ разы болсын) деп айтады, ал ғұламаларды атаған кезде, «рохимаху ллаһ» (оған аллаһтың мейірімі болсын) және «хафизаху ллаһ» (аллаһ оны сақтасын) деп айтады;

4) олардың діні – бурһан (дәлел), дәлелді барлық нәрседен жоғары қояды. "біреулер былай істеген еді, сонда олар мынадай жемістерге жетті" деп адамдар істерінің нәтижесімен ақталмайды және мұны өздеріне дәлел ретінде санамайды;

5) еру және ілесу - діннің негізі болып табылады. ең алдымен ақидада, құлшылықта, зікірлерде. олар жалғыз жолда болады және әрқашан сол жолда болады;

6) оларды тек екі нәрсе ғана біріктіреді - бұл таухид (бірқұдайшылық) және манхадж (жол), ал егер олар біреуді қалдырса, онда оны тек осы екі нәрсеге сүйеніп қалдырады;

7) өздерінің қатарына тек ханифтерді (бірқұдайшылдарды) ғана алады және дағуатты тек таухид (бір аллаһқа құлшылық ету) тақырыбынан бастайды. сондай-ақ, олар мұсылмандарды таухидке және манхаджға тәрбиелейді;

8) олар анық жолға ереді, ал бұл жол – мухаммад пайғамбардың (оғаналлаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларының (аллаһ оларға разы болсын) және олардың артынан жақсылықта ергендердің жолы. осының айналысында жиналады және осының негізінде бір-бірін жақсы көреді. сондай-ақ таухидті жек көретіндерді өздерінің жаулары деп есептейді;

9) фиқһтегі кішкентай келіспеушілік, олардың арасында ихтиләф (қарама-қайшылық) туғызбайды;

10) олар байларды да, кедейлерді де, кез-келген ұлт өкілін дінге шақырады, ал кімде-кім осылардың арасында айырмашылық жасап, тек бір топты ғана шақырса, онда ол мубтади` (дінге жаңалық енгізуші) болып табылады;

11) олар исламдағы амалдарды «қабығы» және «дәні» деп бөлмейді, өйткені исламдағы барлық нәрсе, оның «дәні», алайда маңызды және маңыздырақ мәселелер бар. да`уат еткенде таухидтен бастап, жеңілінен күрделісіне, кішісінен үлкеніне ауысады. сонымен қатар, да`уаттың айтылып жатқан уақыты мен орнына көңіл бөледі
.


соңында, бүкіл әлемнің раббысы - аллаһқа мақтау мен мадақ айтамыз!
мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабалары мен олардың артынан ергендердің барлығына аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!
__________________
Дүние істері үшін, мәңгілік өмір сүретініңдей тырыс. Ал ахырет істері үшін, ертен өлетініңдей ұмтыл Шейх Ибн `Усеймин.
Үзінді жасап жауап беру
Жауап

Тақырып реттеулері
Көрсету реттеулері

Сіздің мүмкіндіктеріңіз:
Сіз жаңа тақырып құра алмайсыз
Сіз тақырыптарға жауап бере алмайсыз
Сіз файлдар бекіте алмайсыз
Сіз өз пікірлеріңізді түзете алмайсыз

BB коды Қосулы
Смайлдар Қосулы
[IMG] коды Қосулы
HTML коды Ажыратулы

Басқа бетке ауысу


Уақыт белдеуі GMT +6, уақыт: 06:58.

© Al-Hanifiya.kz 2009-2010. Барлық құқы қорғалған. vBulletin аударған © SoftZONE.kz
Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде сілтеме қойылуы қажет!