AL-Hanifiya форумы
CSS Menu
Кейін   AL-Hanifiya форумы > Форум > Хадис түсінігі

Жауап
 
Тақырып реттеулері Көрсету реттеулері
  #1  
Ескі 28.02.2010, 16:16
Аватар для Daniyar Abu Zakariya
Daniyar Abu Zakariya Daniyar Abu Zakariya форумнан тыс
Ғалымдар сөзін жеткізуші
 
Тіркелген күні: 08.01.2010
Пікірлер саны: 514
Бастапқы қалпына келтіру «Өлілеріңе “ясин” сүресін оқыңдар»

«өлілеріңе “ ясин” сүресін оқыңдар»
хадисінің сахихтығы

мәқал ибн ясардан жеткізілген хадисте, пайғамбарымыз(оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «өлілеріңе “ясин” сүресін оқыңдар» (ахмад 5/26, әбу дауд 3121, ибн маджаһ 1448 және т.б).

біріншіден, көптеген имамдар (оның ішінде шейхул-ислам ибн таймия да бар) бұл хадисті былай түсіну керек екенін айтады: «өлейін деп жатқандарыңа “ясин” сүресін оқыңдар».

яғни, өлгендеріңе емес, өлейін деп жатқандарыңа. мұндай түсінік келесі хадиспен нақтыланып бекітіледі: «өлілеріңе “лә иләһа иллә-ллаһ” сөзін айтқызыңдар!» (муслим 2/321).
ал осы хадистің басқа нұсқасында мынадай қосымша сөз бар: «себебі, адамның соңғы сөзі “лә иләһа иллә-ллаһ” болса, онда әуелде не істегеніне қарамастан ерте ме, кеш пе жәннатқа кіреді» (ибн хиббан 719. шейх әл-әлбани хадистің иснадын жақсы деді).

осы хадисте де, аталмыш хадисте де «мәутакум»(сендердің өлілеріңе) сөзі қолданылған, алайда бұл жерде өлейін деп жатқандарыңа деген мағына білдіреді, себебі “лә иләһа иллә-ллаһ” сөзін өліп қалған адамға емес, әлі тірі адамға айтқызады. әйтпесе, қалайша “лә иләһа иллә-ллаһ” сөзі, адам өліп қалғаннан кейін соңғы сөзі бола алады?!

екіншіден, әрі ең бастысы, бұл хадис әлсіз хадис болып табылады.

имам дарақутни айтты: “бұл хадистің иснады әлсіз және мағынасы түсініксіз! осы тақырыпқа қатысты сенімді(сахих) хадис жоқ!(көріңіз: “ат-талхис” 153).

яғни, өлейін деп жатқандарға немесе өліп қалғандарға құран оқуға қатысты сенімді(сахих) хадис жоқ.

сонымен қатар, қады әбу бакр ибн әл-‘араби, хафиз ибн әл-қаттан, имам ән-науауи, шейх әл-әлбани және т.б. ғұламалар хадисті әлсіз(да‘иф) деп атаған (көріңіз: «‘аридатул-ахуази» 6/34, «әл-уахм уал-ихам» 5/49, «ируаул-ғалил» 688).

бұл хадисте 3 проблема бар:
1. әбу ‘усман атты жеткізушінің белгісіздігі;
2. сондай-ақ, әбу ‘усман хадисті өз әкесінен жеткізеді, бірақ оның әкесі де белгісіз;
3. хадистің иснадында шатасушылық бар. көріңіз: “ируаул-ғалил” 688.

__________________
Дүние істері үшін, мәңгілік өмір сүретініңдей тырыс. Ал ахырет істері үшін, ертен өлетініңдей ұмтыл Шейх Ибн `Усеймин.
Үзінді жасап жауап беру
  #2  
Ескі 02.03.2010, 14:20
муслим.кз муслим.кз форумнан тыс
Banned
 
Тіркелген күні: 01.03.2010
Пікірлер саны: 19
Бастапқы қалпына келтіру

осы хадистин тусинигин издеп еш жерден таппай жур едим, жаксы болды гой!
жазака аллаху хайран авторга!
Үзінді жасап жауап беру
  #3  
Ескі 25.08.2010, 18:50
Umm A'isha Umm A'isha форумнан тыс
Junior Member
 
Тіркелген күні: 15.04.2010
Тұратын қаласы: EGYPT/Cairo
Пікірлер саны: 3
Бастапқы қалпына келтіру

Assalamu aleykum ua rahmatullahi ua barakatuhu!

Daniyar ahi, kewiriniz, "Janaza namazinda fatixa, t.b. sure okydi goy. Kisi dunyeden kaitkanda, sol kisinin uyinde ar kisi konil aityp kelgende kuran sureleri okylady, mysaly Fatiha, Iklas, Nas surelerin."- degen suraktarga jiyi kezdesem. Kuran tiriler uwin dep aitam birak tusindire almaymin. Tagy, Kuran karim oku tirilerge arnalgan, dunieden ozgandarda zaru emespe? Kuran bakiwtau bidgatpa,nege? dep suraydi. Osygan nakty dalelimen jauap jazyp berinizwi.

Allah razy bolsyn!

Assalamu aleykum ua rahmatuLLAHI ua barakatuhu!
Үзінді жасап жауап беру
Жауап

Тақырып реттеулері
Көрсету реттеулері

Сіздің мүмкіндіктеріңіз:
Сіз жаңа тақырып құра алмайсыз
Сіз тақырыптарға жауап бере алмайсыз
Сіз файлдар бекіте алмайсыз
Сіз өз пікірлеріңізді түзете алмайсыз

BB коды Қосулы
Смайлдар Қосулы
[IMG] коды Қосулы
HTML коды Ажыратулы

Басқа бетке ауысу


Уақыт белдеуі GMT +6, уақыт: 06:03.

© Al-Hanifiya.kz 2009-2010. Барлық құқы қорғалған. vBulletin аударған © SoftZONE.kz
Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде сілтеме қойылуы қажет!